"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы АҚШ-тың саяси партияларымен ынтымақтасуға дайын - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы АҚШ-тың саяси партияларымен ынтымақтасуға дайын - телеарна

"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы АҚШ-тың саяси партияларымен ынтымақтасуға дайын - телеарна

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы АҚШ-тың саяси партияларымен ынтымақтасуға дайын. Америка Құрама Штаттарының партиялық жүйесінің ғасырлар бойы қалыптасқан тарихы бар, сондықтан да оны зерттеп-зерделеу аса маңызды. Бұл туралы "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ричард Хоугландпен кездесуде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасап. Дархан Қалетаев елшіні партияның жұмысымен таныстырды. "Нұр Отан" партиясы Американың саяси партияларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді, деді ол. Өз кезегінде Ричард Хоугланд саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім мәселесінде Қазақстанның озық тұрған ел екенін ерекше атап өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстың тек нығая беретініне сенім білдірді.

  • 30 Қазан 2008
  • 1207
Фото - Caravan.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ричард Хоугландтың айтуынша, «Кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қоғамдастықтағы зор беделі туралы атап өттім. Ядролық қарудан бастарту арқылы әлемдік қауымдастық алдында Қазақстан басшысының беделі тіптен арта түсті. Сол сияқты кездесуде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететіні де сөз болды».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар