«Нұр Отан» ХДП қазақ диаспоралары тұрып жатқан аймақтарға кітаптар мен үнтаспаларды жіберу жөніндегі кең ауқымды акция ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» ХДП қазақ диаспоралары тұрып жатқан аймақтарға кітаптар мен үнтаспаларды жіберу жөніндегі кең ауқымды акция ұйымдастырды

«Нұр Отан» ХДП қазақ диаспоралары тұрып жатқан аймақтарға кітаптар мен үнтаспаларды жіберу жөніндегі кең ауқымды акция ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу аясында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы қазақ диаспоралары тұрып жатқан аймақтарға кітаптар мен үнтаспаларды жіберу жөніндегі кең ауқымды акция ұйымдастырды.

  • 30 Маусым 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымыз мекен етіп жүрген барлық елдерде қазақ мәдениетінің дамуына жағдай жасау туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы, Елбасы партиясы ретінде осы жұмысқа белсене кірісті.

Осы бағыттағы үлкен іс-шаралардың бірі — Семей қаласында өткізілген қазақ диаспоралары тұрып жатқан аймақтарға кітаптар мен үнтаспаларды жіберу жөніндегі акция. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлауға орайластырылған. Нұротандықтар Таулы Алтай мен Моңғолиядағы отандастарымызға Қазақстан, оның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы мыңдаған кітаптар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері, қазақ халықтық әндері, күйлері, қазақстандық режиссерлердің көркем фильмдері жазылған үнтаспалар жинақтары мен фотоальбомдерді сыйлады.

Акцияға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Жақында ғана Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының
төртінші құрылтайында Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Қазақстан — әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы. Және қазақ баласы әлемнің қай елінде жүрсе де, қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш уақытта ұмытпауымыз керек. Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы, Елбасы партиясы ретінде, шетелдік отандастарымызды қолдау мәселесін өзінің басты назарында ұстайды. Ал бүгінгі акция — ол шетел қазақтарының өзінің тарихи атамекені барын, оларды ұмытпай жүргенінің тағы бір дәлелі» — деп атап өтті.

Қазақстандықтардың сәлемдемесін Қосағаш ауылы (Таулы Алтай Республикасы) және Баян-Өлгей аймағының (Моңғолия Республикасы) қазақ диаспоралары өкілдері қарсы алатын болады.

Кітаптар мен дискілерді жіберу жөніндегі акция «Нұр Отан» партиясының шетелдік қазақтардың өзінің тарихи отанымен рухани байланысын нығайту бойынша атқарылып жатқан іс-шараларының жалғасы болып табылады.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Баян-Өлгейде әмбебап спорт алаңынын құрылысы жүргізіліп жатыр. Жуық арада, жаңа оқу жылында қазақ мектептерінің оқушылары арнайы жабдықталған алаңдарда спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін
«Тілге құрмет — елге құрмет» партиялық байқауының жеңімпаздары болып, Ресей мен Моңғолияның қоғамдық ұйымдары мен қазақ басылымдарының редакциялары атанып келеді.

Еліміз Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Нұр Отан» партиясының кең ауқымды іс-шаралары әлі де жалғасады.

Соңғы жаңалықтар