«Нұр Отан» ХДП төрағасы бірінші орынбасарының Азат Перуашевтың партиядан шығуына қатысты түсініктемесі
Азат Перуашевтың «Нұр Отан» ХДП-на мүшелігі тоқтатылды. Осыған орай партияның баспасөз қызметі БАҚ-на «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің түсініктемесін таратты. |
ҚазАқпарат хабарламаның мәтінін ұсынады.
«Жан-жақты талқылаудан кейін Азат Перуашев өз өтініші бойынша партия қатарынан және партияның Саяси кеңесінің Бюросы мүшелігінен шығарылды. Қандай партияның мүшесі болатынын әрбір адам өзі таңдауға құқылы.
Сонымен қатар, Перуашев мырза болашақта қандай қызмет атқарса да, халқымыздың бірлігін нығайту, демократиялық құндылықтарды алға тарту және де Отанымыз - Қазақстан Республикасын одан әрі дамытуға бағытталған ортақ мақсаттар бізді бұрынғыдай біріктіреді», - делінген «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасарының түсініктемесінде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін