«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Б. Сағынтаев іссапармен Қызылорда облысында жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Б. Сағынтаев іссапармен Қызылорда облысында жүр

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Б. Сағынтаев іссапармен Қызылорда облысында жүр

Бүгінгі таңда жер-жерде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы бастауыш партия ұйымдарында есеп беру жиналысы жүріп жатыр.

  • 7 Қараша 2012
  • 609
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың Сыр өңіріне келгендегі басты мақсаттарының бірі де осы жиналыстарға қатысу болды.

Бүгінгі күні елдің әлеуметтік жаңғыртылу стратегиясы нұротандықтардың басты назарында. Оны қарқынды іске асыру үшін партия мүшелері өз іс-әрекеттерінде жаңа құралдарды белсенді пайдалануды қалыптастыруда. Аталған жұмыстар үстіміздегі жылдың қазан айынан ауқымды есеп беру — сайлау науқан аясында бастау алды.

Қызылорда облыстық филиалы партия құрылымы жағынан ең ірі партия филиалдарының бірі. Оның қатарында 41 565 партия мүшелері мен 283 бастауыш партия ұйымдары бар. Партияның Шиелі филиалы саны жағынан жоғары, оның қатарына 5187 мүшесі кіреді.

Партияның Шиелі филиалының есеп беру-сайлау конференциясында Бақытжан Сағынтаев: «Бүгінгі күні бастауыш партия ұйымдарын, партия филиалдарын белсенді саяси күрестің өзегіне айналдыру жөніндегі партия төрағасының қойған міндеті өзекті болып келеді. Дәл осы ұйымдар партияның негізі және әр елді мекендегі, ұйым мен кәсіпорындардағы партиямыздың толыққанды өкілі екендігі айқын. Біздің міндетіміз жай ғана партия мүшелерінің санын арттыру емес. Бүгінгі мақсатымыз — партия қатарына ең лайықты, жауапты адамдарды тарту. Партиямыздың болашақта қандай болатындығы қатарымыздың тазалығы, ішкіпартиялық тәртіп және әр партия мүшесінің жеке тәртібіне тікелей байланысты. Бұл өте маңызды мәселелер. Бұл талаптар партия Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрдайым назарында» — деп атап өтті.

Жиналысқа қатысушылар жұмыс нәтижесін қорытындылап, оның әрі қарай жетілдіру жолдардын талқылады. Сонымен бірге партия мүшелеріне Қазақстанның үдемелі индустриялық — инновациялық даму бағдарламасын қарқынды іске асыру жөнінде бірқатар міндеттер қойылды.

Қызылорда облысы бойынша 254 партиялық бақылау бекеті жұмыс жасайды. Олардың басым бөлігі барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша қалпына келтіру жұмыстары мен құрылыс нысандарын қамтиды. Оның ішінде ҮИИД — 4, 100 мектеп, 100 аурухана — 15, Ақ бұлақ — 2, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту — 47, тұрғын үй бағдарламасы — 9, Батыс Еуропа — Батыс Қытай жобасы — 15, басқалары — 103. Қалғаны 59 — үнемі пәрменді бекеттер ЕНСЗ, қажетті азық — түлік тауарларының бағаларына сараптама жасау, «Жұмыспен қамту — 2020», «Балапан» бағдарламасы.

Іссапар барысында Бақытжан Сағынтаев «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автомагистралының құрылысы Белкөл қыстағының маңындағы теміржол өткелінде болып, аймақтағы жұмысшылармен жүздесіп, олардың тұрмысымен танысты. Кездесуде партия мүшелері Бақытжан Сағынтаевқа уақытылы жалақының төленуі және жұмыс қағидаларының сақталуы жөнінде ақпарат берді.

Мұнан кейін «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Шиелі ауданындағы жартылай полиэтеленді пластмассалық құбырларды өндіруші «Полихимпродук» ЖШС-нің жұмысын көрді.

Сапарының екінші күні Бақытжан Сағынтаев өткен жылы «ҚазАтомӨнеркәсібі» акционерлік қоғамының қолдауымен салынған мүгедек балаларға арналған «Мейірім» интернатында болды.

Соңғы жаңалықтар