Жарияланды: 330

«Нұр Отан» ХДП-ға мүше қарағандылықтардың саны 100 мыңнан асты

«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясына мүше қарағандылықтардың саны 100 мыңнан асты.

Бұл туралы облыстық партия филиалының XVI есептік-сайлау конференциясында айтылды. Конференция барысында мәлім болғандай, бүгінгі күні Қарағанды облыстық филиалында 22 қалалық және аудандық филиалдарға біріктірілген 527 бастауыш ұйым бар. Бүгінгі күні олардағы адамдардың саны 100 002-ні құрайды. Конференция барысында өңірдің 100 мыңыншы нұротандығына партиялық билет салтанатты түрде табыс етілді. Ол «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» көмір департаменті шахтасының тау шебері Қайрат Смағұлов болды. «Бүгінгі күні партиялық ұйымға халықтың барлық дерлік санатындағы адамдар еніп отыр. Оның басым бөлігін- 45 пайызын экономика, қызмет көрсету салаларының қызметкерлері құрайды. 30 пайыға жуығын білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау қызметкерлері құрап отыр», - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін