«Нұр Отан» өкілі парламенттік сайлаудан соң Қазақстанның бірпартяилық жүйесі өзгереді деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» өкілі парламенттік сайлаудан соң Қазақстанның бірпартяилық жүйесі өзгереді деп есептейді

«Нұр Отан» өкілі парламенттік сайлаудан соң Қазақстанның бірпартяилық жүйесі өзгереді деп есептейді

Қазақстанның бір партиялық жүйесі 2012-ші жылғы парламенттік сайлаулардан соң трансформацияланады. Мұндай пікірді «Нұр Отан» ХДП алматылық филиалының төраға орынбасары Санжар Боқаев жұма күні «Саяси партиялар және парламент» атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

  • 1 Шiлде 2011
  • 706
Фото - Caravan.kz

«Қазір Қазақстанда «Нұр Отан» бастаған бір жарым партиялық жүйе қалыптасқан… бірақ мұндай жүйенің ұзақ уақыт болуы оппозицияның әлсіреуіне әкеп соғады. Ал ол жағдай басшылықтағы партияға да зиянды. Біржарым партиялық жүйе біртіндеп эволюцияланады. Бұл елдің саяси модернизациялануы үшін қажет, және біз оны парламенттік сайлауда екінші партия өтетін болса, көретін боламыз», — деді С. Боқаев.

«Нұр Отан» партиясының өкілі Қазақстандағы бар саяси жүйе қазір ең тиімді жүйе деп отыр.

«Қазақстар өздерін жүзге, руларға бөліп жүрген кезде көппартиялық жүйе жағдайында партиялардың позицияларында күрт полярлану байқалуы мүмкін. Одан басқа, қазақстандық партиялар партияның ішіндегі бәсекелестікті қолдамайды. Идеялардың бәсекелестігі де жоқ. Ал онсыз партиялар өздерінің арасында жақындасар тірек таппайды. Соның нәтижесінде олар өз лидерлерінің партиялары болды», — деді сарапшы.

Бұл ретте Қазақстан оппозициялық күштері көптен айтып жүрген екіпартиялық жүйеде өзінше кемшіліктер бар, деп есептейді «Нұр Отан» ХДП өкілі.

«Аталған жүйеде саяси партиялар билікке уақытша келгенін түсінеді. Сондықтан сайлау алды берген уәделерін орындай алмайтындықтан, олар (билікте тұрғанда – ҚазТАГ) жымқырумен айналысады», — деп есептейді С. Бокаев.

Біржарым партиялық жүйе, керісінше, тұрақты, және басшылықтағы партия мемлекет үшін кадрлық резерв болып табылады, дейді ол.

Соңғы жаңалықтар