Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті.
Оның айтуынша, партияның барлық қоғамдық қабылдау бөлімдерінде «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша азаматтарды қабылдау күні өтті. Акцияның негізгі мақсаты — бағдарламаның мән-жайын жан-жақты түсіндіру.
«Акцияға 10 мыңға жуық адам қатысып, іс-шараның нәтижесі бойынша 700 брокерлік есепшот ашылды. «Халықтық IPO» бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру жұмыстары «Нұр Отан» партиясының барлық аймақтық филиалдарында жалғасуда», — дейді Ж.Жүкенов.