Бұл туралы партияның хатшысы Наталья Годунова мәлім етті.
«Партия кадрлық резерв құрып, партия аппаратында жұмыс істейтін, аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттар мен Мәжіліске ұсынатын мықты мамандарды іріктейді», -деп атап өтті Н.Годунова.
Резервке баратын кандидаттар үш сатылы іріктеуден өтеді. Яғни, олардың кәсібилігі, партиялық және жеке қасиеттері тексеріледі. Партияның кадрлық резервіне «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен жақтастары, белсенді жастар (квота — 10 пайыз) тіркеле алады. Олардан бөлек, «А» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер де конкурстан тыс патрияның кадрлық резервіне қосыла алады. Кадрлық резерв аймақтық және республикалық деңгейлерге бөлінеді. Аймақтық резерв биыл, ресубликалық резерв келесі жылы жасақтала бастайды.
Партия хатшысының ақпаратына сүйенсек, кадрлық резерв шамамен үш мың адамнан құралмақ екен.