Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. Жұмағұлов пен Г. Абдрахимов ҚР президентінің ең бастысы «Нұр Отан» партиясын жастардың партиясы ету туралы тапсырмасын сөз етті.
Сонымен қатар, кездесу барысында алдағы жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру бағыттары және халықаралық стипендия түлектерін неғұрлым тиімді пайдалану аясы турасында пікір алмасты. Олардың озық технологиялар және демократиялық процесстер жөніндегі білімдері отандық партия құрылыстарының кез келген саласында қажет болуы анық. Бұл ретте алдымен Қазақстанның жетекші саяси күшінің одан әрі дами түсуінде қажет болмақ,-деген тұжырымға келді кездесуге жиналғандар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті