Жарияланды: 540

«Нұр Отан» партиясы жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта бизнес өкілдеріне қаншалықты қолдау көрсетіп отырғандықтарын қатаң бақылауға алады

«Нұр Отан» партиясы жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта бизнес өкілдеріне қаншалықты қолдау көрсетіп отырғандықтарын қатаң бақылауға алады.

Бұл туралы бүгін «Шағын және орта бизнесті дамытудағы жүйеқұраушы кәсіпорындардың рөлі» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мәлім етті. Оның мәліметтеріне қарағанда, бүгінде Үкімет елдегі ірі кәсіпорындардағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыру мақсатында келелі шаралар атқарды. «Алайда, жергілікті жерлерде бұл бағыттағы жұмыстар әлі талапқа сай деп айта алмаймыз. «Қазақстан темір жолы» компаниясында қазақстандық қамту деңгейі 87 пайыз. «Самұрық-Қазына» қорының көрсеткіштері де осыған таяп қалады. «ҚазМұнайГаз» компаниясы туралы да солай деуге болады. Өйткені қазақстандық қамту Үкіметтің жіті бақылауында. Енді біз жергілікті әкімдіктер де осындай жұмыстарды жолға қояды деген үміттеміз»,-деді Н.Нығматулин. Оның айтуынша, жергілікті әкімдіктер өз аймақтарындағы барлық қалақұраушы кәсіпорындармен бірге жоғары технологиялы қызметтерді қажет етпейтін тапсырыстарды жергілікті бизнес өкілдеріне беруін қамтамасыз етулері керек. «Әйтпесе біздің кәсіпорындар еңбеккерлердің жұмысқа киетін қолғаптарына дейін шетелде шығаруға дағдыланып алған. Кейде тіпті баспа өнімдерінің өзіне сырт мемлекеттерге тапсырыс береді. Біздің партиямыз партия филиалдары мен өкілдіктері арқылы осы мәселені мықтап бақылауға алады»,-деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін