Отырысқа президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұлов, «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының мүшесі Азат Перуашев, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының мүшелері қатарынан республика парламентінің сенаты мен мәжілісінің депутаттары қатысты.
«Күн тәртібінде кешегі күнннің оқиғасына байланысты бір ғана мәселе талқыланады»,- деді жиынды ашқан «Нұр Отан» парламенттік фракциясының жетекшісі Әмзебек Жолшыбеков.
Ол кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Даниал Ахметовтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдағанын және «Нұр Отан» партиясының басшылығымен, соның ішінде партияның парламенттік фракциясының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізгенін еске салды.
«Осы кездесулер барысында жаңа үкіметтің құрамына және жаңа үкімет басшысының кандидатурасына қатысты кең көлемді пікір алмасылды. Кездесуде сонымен қатар парламенттің ролін жалпы және «Нұр Отан» партиясының парламеттік фракциясының ролін көтеру төңірегінде әңгіме өрбіді»,- деді фракция жетекшісі.
«Бұл президенттің парламент депутаттарына және өз партиясының мүшелеріне деген үлкен сенімін және сонымен біруақытта жалпы қоғам алдындағы біздің үлкен жауапкершілігімізді паш етеді»,- деді Ә.Жолшыбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті