Жарияланды: 490

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдаулар қызметі мәселелері бойынша бейне конференция өтті

Бүгін ҚР Әділет министрлігінде «Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громовтың жетекшілігімен партияның қоғамдық қабылдаулар қызметіне арналған мәселелер бойынша бейне конференция болып өтті. Аталған іс-шараға партия айқмақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, қоғамдық қабылдаудың меңгерушілері және «Нұр Отан» Орталық аппараты қоғамдық қабылдауының қызметкерлері қатысты.

«Бұндай бейне конференция форматында кездесу өткізу дәстүрге айналып келеді. Ал бүгінгі басқосу негізінен Мемлекет басшысы, партия Лидері Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өзара байланыс бойынша тиімді жүйе орнату және азаматтардың, қоғамның проблемаларына дер уақытында үнқату мәселелеріне арналып отыр. Бұндай шара біздің өткен жұмыстарымызды қорытындылауға, сол арқылы кеткен олқылықтарды анықтауға септігін тигізіп қана қоймай, алдағы бағдарымызды бекемдеуге де тиімділігін танытатын болады. 2011 жылғы бірінші жартыжылдықтағы сараптауларға келетін болсақ, жыл сайын біздің партиямыздың қоғамдық қабылдауына азаматтардың келуі, өтініш, шағым, талапарыздар жасауы артып келеді. Бұл өз кезегінде жұртшылықтың партияға деген сенімінің де артып отырғанын білдіреді», - дейді партия хатшысы С. Громов. Бейне конференция барысында партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде мемлекеттік органдар мен депутаттық фракциялардың өзара біріккен іс-әрекеттері бойынша мәселелерді және халықпен жұмысты жетілдіру үшін жаңа тетіктер мен әдістерді қолдану тиімділігі талқыланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін