«Нұр Отан» «ҚазАгро» ұлттық компаниясының Т2,5 млрд қаржыны тиімсіз жұмсағанын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» «ҚазАгро» ұлттық компаниясының Т2,5 млрд қаржыны тиімсіз жұмсағанын анықтады

«Нұр Отан» «ҚазАгро» ұлттық компаниясының Т2,5 млрд қаржыны тиімсіз жұмсағанын анықтады

«Нұр Отан» ХДП-сының жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңесі «ҚазАгро» ұлттық компаниясының Алматы облысында Т2,5 млрд қаржыны тиімсіз жұмсағанын анықтады, деп мәлім етті кеңестің мүшесі, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Төлеген Ибраев.

  • 17 Маусым 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Көп қаржы шығындалған. Біз келгенше (кеңес мүшелері — ҚазТАГ), ол кәсіпорынға бір де бір шенеунік бармаған, ол (кәсіпорын қаладан — ҚазТАГ) алыс емес жерде орналасқан. Материалды телефон арқылы жинаған, ал біздің қызметкерлер барғанда, ол жерде әлі түк те жасалмаған… «ҚазАгро» қаржы бөлген, бағдарламаны бақылайтын ешкім жоқ, нәтижесінде ешкім жауап бермейді де. Бюджеттің қыруар қаржысы шығындалып, тот басып жатыр, қазіргі жағдайы мүшкіл», — деді ол жұма күні кеңестің отырысында.

Т. Ибраев нақтылап өткендей, «ҚазАгро» компаниясы Т2,5 млрд қаржыны Алматы облысының Бақанас ауылында 5 мың бас малға есептелген бордақылау алаңының құрылысына бөлген.

«5 мың басқа есептелгенімен, ол жерде мал жоқ. Бордақылау алаңын толтыратын мал жоқ. Ақшаны не үшін бөлді сонда?», — деп ашынды кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.

Т.Ибраев атап өткендей, «Алматы облысында бұл жалғыз жағдай емес». «Ауылда бірдеңе жасалса, бұл ауыл шаруашылығы министрлігінің арқасында емес, оған қарамастан, жасалып жатыр», — деді ол.

Кеңес мүшелері тексеріп, шара қолдану үшін тергеу материалдарын бас прокуратураға тапсырды.

«Осы жобалардың орындалуын бақылауға тиіс адамдарға қатысты қатаң шаралар сонда қабылданатын шығар», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар