«Нұр Отан» сот органдарының үстінен бақылаушы комиссия орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» сот органдарының үстінен бақылаушы комиссия орнатты

«Нұр Отан» сот органдарының үстінен бақылаушы комиссия орнатты

«Нұр Отан» партиясына азаматтардан сот қызметіне қатысты күніне 15 шақты арыз-шағым келіп түседі.

  • 10 Маусым 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-нің Орталық аппаратында Сот органдарының қызметін сырттан бағалау жөніндегі қоғамдық бақылаушы комиссияның бірінші отырысында партияның Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов мәлім етті.

Осы орайда, оның айтуынша, аталған бақылаушы комиссия сотта қаралған және шешімі шығарылған істерге объективті баға бере отырып, сот процессін жариялы етуге атсалысуы тиіс. Комиссия жұмысы сот әділдігі мен сот шешімдеріне қол жетімділікті арттырып, қоғам мен сот органдарының арасында өзара сенімділік пен байланысты орнатуға бағытталған.

Алайда қоғамдық бақылау Конституциядағы заң талаптарына сәйкес, соттардың қызметіне араласпай, судьялардың тәуелсіздігін мүлтіксіз сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.

«Біз сот қызметіне, оның әділдігі мен сот үдерісінің нормаларға сәйкестілігін талдаймыз. Комиссияның шешімі соттағы істердің қайта қаралуына пәрменді ықпал жасай алмайды. Комиссия қоғамдық құрылым болғандықтан, оның қызметі тек ұсыныстық сипатқа ие болады», — деп атап көрсетті О. Әбдікәрімов.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП-нің Сот органдарының қызметін сырттан бағалау жөніндегі қоғамдық бақылаушы комиссияның бірінші отырысында төраға болып сайланған Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдірайымовтың атап өткеніндей, комиссия құзыры шектеулі боланымен, ол соттардағы жемқорлықтың кемуіне септігін тигізе алады.

«Комиссия қызметі жекелеген органдардағы жемқорлық фактілерін ғана емес, қоғамдағы жалпы сыбайлас жемқорлық ахуалының оңалуына алып келеді. Себебі Комиссияның басты мақсаты сот жүйесіндегі түйткіл мәселелерді анықтап, қоғам арасында жария ету», — дейді Комиссияның төрағасы Б. Әбдірайымов.

Соңғы жаңалықтар