Жарияланды: 540

«Нұр Отанның» ең үздік Қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

«Нұр Отанның» ең үздік Қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды

-«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ең үздік Қоғамдық қабылдау бөлмесі анықталды.

Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарланды. Тоқтала кететін жайт, «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелері жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады. Бүгінде Қоғамдық қабылдау бөлмелері халыққа кәсіпқой мамандардан кеңес алып, жаңа бастаған істеріне бағыт беретін орынға айналды. Сондықтан, «Нұр Отан» партиясының үш жылдан бері үзіліссіз өткізіліп келе жатқан «Ең үздік Қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауы осынау игі шаруаны тиімді әрі жемісті атқаруға серпін беретін бірден-бір шара ретінде танылды. Ал, бұл Қоғамдық қабылдау бөлмесінен көмек, қолдау алған көпшіліктің ризалығына бөленіп, жұмысын барынша сапалы жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Биылғы үздіктерді марапаттау рәсімі желтоқсанның 24-і күні «Нұр Отанның» Орталық аппаратында өтіп, байқау жеңімпаздарын партияның Хатшысы Эльдар Сыздықов марапаттады. Аймақтық Қоғамдық қабылдау бөлмелеріінің дарабоздарын айқындауды «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшылары мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшелерінен құралған комиссия жүргізді. Комиссияның шешімімен Бас жүлдені Қостанай облыстық филиалдың Қоғамдық қабылдау бөлмесі жеңіп алды. Бірінші жүлделі орын Алматы облыстық филиалының Қабылдау бөлмесіне бұйырды. Екінші орынға Қарағанды облыстық филиалының Қабылдау бөлмесі лайық деп танылды. Ал үшінші орын «Нұр Отанның» Жамбыл облыстық филиалының және Қызылорда облысына қарасты Қоғамдық қабылдау бөлімелеріне тиесілі деп шешілді. Бұдан бөлек, әрбір аймақтың да дара жеңімпаздары анықталды. Сонымен, «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалдарының арасында: Ақмола облысының Бурабай аудандық филиалы; Алматы облысындағы Қапшағай қалалық филиалы; Атырау облысының Құрманғазы аудандық филиалы; Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма аудандық филиалы; Жамбыл облысындағы Мерке аудандық филиалы; Қарағанды облысындағы Нұра аудандық филиалы; Қостанай облысындағы Денисов аудандық филиалы; Қызылорда облысының Шиелі аудандық филиалы; Маңғыстау облысының Жаңаөзен қалалық филиалы; Павлодар облысындағы Екібастұз қалалық филалы; Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау аудандық филиалы; Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал аудандық филиалы; Алматы қаласындағы Бостадық және Әуезов аудандарының Қоғамдық қабылдау бөлмелері жеңімпаз деп танылды. Еске салсақ, жеңімпаздарды анықтау барысында Қабылдау бөлмелерінің жұмысының тиімділігі мен жүйелілігі және жұмыс тәсілін оңтайлы ұйымдастыру сипаты басты назарға алынды. Мәселен, Қостанай облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға кеңес, консультация беру жұмысы жаңаша жүргізілген. Олар Қоғамдық қабылдауға келген азаматтарға заң саласындағы қажетті кеңес беру ісін облыстық «Караван новостей» радиоарнасы арқылы тікелей хабар тарата отырып, көмек сұрай келген адамдардың мәселелерін шешуге тікелей атсалысады. Сонымен қатар, жергілікті телеарнада да Қоғамдық қабылдау ашып қойған. Сол арада Қостанай облыстық партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жанында Медицина орталығы жұмыс істейді. Республика бойынша алғанда, олардың жұмысының тиімділігі мен көрсетілген көмектің деңгейі бәрінен де асып түсіп, 62 пайызға жетті. Ал, азаматтардың арыз-шағым, өтініш, тілектерін орындау жөнінен Оңтүстік Қазақстан облыстық филалының Қоғамдық қабылдау бөлмесі алдына қара салмады. Олар бұл іс-шараны 82 пайызға орындапты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін