Жарияланды: 500

«Нұр Отанның» қарағандылық филиалы Парламенттің жоғарғы палатасына кандидат ретінде қазіргі сенатор Ақылбайды ұсынды

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының (ХДП) Қарағанды облыстық филиалы ҚР парламенті сенаты депутаттарының сайлауына қазіргі сенатор Серік Ақылбайдың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

«Біз қазір ғана саяси кеңес бюросының отырысын өткіздік. Парламенттің жоғарғы палатасына алдағы сайлауға сенатор С. Ақылбайдың кандидатурасын енгізуді шештік», - деп мәлім етті «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Асқар Базарбаев жұма күні саяси кеңестің отырысынан кейін. Осының алдындағы сайлауда С. Ақылбай сайлаушылардың 72%-дан аса дауысына ие болған. Саяси кеңестің мүшелері ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады. Қабылданған қаулымен партияның мәслихаттардағы депутаттық фракцияларына С. Ақылбайдың кандидатурасын қолдауға кеңес берілді. ҚР президентінің 14 маусымдағы жарлығына сәйкес, ҚР парламенті сенаты депутаттарының сайлауы 2011 жылдың 19 тамызына белгіленді. Қазақстанда сенаторларды барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттары сайлайды. 62 жастағы С. Ақылбай бұрын Жоғарғы соттың судьясы болған. Қазіргі уақытта сенатта заң шығару және құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің хатшысы, «Нұр Отан» ХДП-сының мүшесі, ҚР президентінің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін