"Нұрбанк" ААҚ Мәскеуде өз өкілдігін ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұрбанк" ААҚ Мәскеуде өз өкілдігін ашады

"Нұрбанк" ААҚ Мәскеуде өз өкілдігін ашады

"Нұрбанк" ААҚ Мәскеуде өкілдік ашуға РФ Орталық Банкінің рұқсатын алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Нұрбанк" ААҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Наурыз 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

Нұрбанк Ресейдің қаржылық орталығында кеңсе ашу туралы шешімді ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес қабылдап отыр. Екі мемлекеттің экономикалық субьектілері арасындағы тауар айырбасын ынталандыру үшін ресейлік банктермен ынтымақтастық орнатып дамыту, қазақстандық компаниялар мен ресейлік кәсіпорындар арасындағы байланысты тереңдету стратегия басымдықтарының бірі.

Ресейде өкілдік ашуға түрткі болған басты себеп, «Нұрбанк» ААҚ клиенттерінің ресейлік әріптестерімен арадағы экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыруға деген сұраныс көлемінің артуы мен ресейлік банктердің Қазақстандағы әріптестерімен іскерлік байланыстар аясын кеңейтуге және оны нығайтуға қызығушылық танытуы болып отыр.
Түрлі экономикалық салаларда Ресеймен ынтымақтастық орнату, Ресейлік банктермен бірлесе отырып екі елдегі түрлі жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі «Euromoney» қаржылық жаршысы 2003-жылы Қазақстандағы ең таңдаулы әріптес-банк ретінде таныған «Нұрбанк» ААҚ-ның басты мүддесіне саналады.

Соңғы жаңалықтар