Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Нұрбанк» АҚ жалған әрі көпе-көрнеу ғайбат айтқан ақпарат таратуға қатысты жауапкершілікті ескертуді жөн санайды. «Осыған байланысты Нұрбанк БАҚ өкілдерінен тексерілмеген мәліметтерді жариялаудан бас тартуды сұрайды. Сонымен бірге банк мұндай жағдайда кінәлі адамдардан моральдық және материалдық шығынды талап етіп сотқа шағымданатынын ескертеді», делінген банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, «жаппай қабылданған тәртіпке сәйкес, «Нұрбанк» АҚ басшылығы тергеу аяқталғанға дейін осы мәселеге қатысты түрлі ресми түсініктеме беруден немесе мәлімдемелерден бас тарта тұрмақшы. Ондағы мақсат — істі тергеуге кедергі келтірмеу».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, банктің Алматыдағы бас кеңсесіне 31-қаңтарда шабуыл жасалды. «Осы дерекке қатысты ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің Алматы қалалық департаменті қазір тексеру жүргізуде», деп хабарлайды қаржылық мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті