Нұрбек финалда ұтса екен деп дұға қылдық- Баходир Жалолов - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрбек финалда ұтса екен деп дұға қылдық- Баходир Жалолов

Нұрбек финалда ұтса екен деп дұға қылдық- Баходир Жалолов

Бокстан екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Жалолов Парижде Нұрбек Оралбай мен Александр Хижняктың кездесуінде Қазақстанға жанкүйер болған.

  • 19 Қыркүйек
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Өзбекстан боксшысы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мен Қазақстандық боксшыларды, Геннадий Головкинды сыйлаймын. Головкин аңыз адам, рингте бәрін сыйлайды. Оның адамгершілігіне қарап қайран қаламыз. Оралбайлар өзімнің бауырымдай болып қалған. Олар мені Қазақстанға, мен оларды Өзбекстанға шақырамын. Нұрбек Хижнякпен шығатын кезде өзім қандай тактика қолдануға болатынын түсіндіріп, пікірімді айтып, рух бердім. Аренада Қазақстан чемпион болсын деп жанкүйер болдық. Қазақ елі алтын алсын деп ниет етіп, дұға жасадық”, — дейді ол.

Чемпион журналистің “мемлекеттік сыйақыдан бөлек туған қалаңыздың әкімі, кәсіпкерлері тарапынан сыйлық болды ма?”, деген сұрағына да жауап берді.

”Бізге президентіміз үй, көлік берді. Туған қаламыздан ештеңе алған жоқпыз. Маған президентіміз Ұлттық гвардияның подполковник шенін берді. Аллаға шүкір, ең бастысы еліміз тыныш. Басқа елдерде қандай соғыс болып жатқанын көріп жатырмыз. Аллаға шүкір, ұйқымыз тыныш. Баратын жеріміз бір. Ақшаны өзімізбен алып кете алмаймыз”, — дейді ол.