Нұрбек Халматай: Қор стипендиясы – бұл ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға шабыт береді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрбек Халматай: Қор стипендиясы – бұл ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға шабыт береді

Нұрбек Халматай: Қор стипендиясы – бұл ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға шабыт береді

Нұрбек Халматай Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Computer Science» мамандығында оқиды. Біздің стипендиат ІТ, Data Science және Machine learning, генеративті жасанды интеллект саласына қызығады, сонымен қатар спорттық бағдарламалаумен айналысады.

  • 3 Шiлде 2024
  • 6482
ФОТО:fnn.kz

Ол «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша республикалық байқауда студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы үшін үшінші жүлделі орынға ие болып, Beeline компаниясының Big Data бөлімінде тағылымдамадан өткен, лектегі ең жоғары GPA үшін алғыс хатпен марапатталған.

Нұрбек ІТ туралы Telegram арнадан шәкіртақылар байқауы туралы білген. Ол үшін стипендия ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға ынталандыру болып табылады. Оны ғылым мен технология әлеміне, әсіресе Data Science және Machine Learning саласы қызықтырады. Күрделі мәселелерді шешу, зерттеу мен жаңа әдістер әзірлеуді жақсы көреді.

— Жаңа достар табуға тырысыңыз, әсіресе, оқу орныңыздан басқа жерде таныс табыңыз, әртүрлі хакатон мен байқауға, буткемпке  қатысыңыз. Өз басым осындай іс-шаралардан шабыт беретін мүдделес жақын адамдар мен тәлімгерлерді таптым, — дейді Нұрбек Халматай.

Перейти к новостям спорта