Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлар байқауы өз жалғасын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлар байқауы өз жалғасын тапты

Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлар байқауы өз жалғасын тапты

Бүгін Алматыда Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІ Республикалық дирижерлар байқауы басталды.

  • 2 Мамыр 2012
  • 662
Фото - Caravan.kz

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтіп жатқан бұл шара 5 мамырға дейін созылады.

«Алғашқы республикалық байқау 2004 жылы өткен болатын. Биыл оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 үміткер қатысып отыр. Олардың көбі оркестрлермен жұмыс істеп жүрген мамандар. Оған ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айтқали Жайымов бастаған қазылар алқасы төрелік етеді», — дейді Мәдениет және ақпарат министрлігінің Музыка өнері басқармасының бастығы Нұрболат Ахметжанов. Оның айтуынша, 18 бен 40 жас аралығындағы үміткерлер Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі мен филармонияның симфониялық оркестрімен жұмыс істейді. Олар Н.Тілендиевтің шығармаларын, батыс классиктерінің әртүрлі жанрдағы туындыларын орындайтын болады

Перейти к новостям спорта