Нұрлан Нығматулин депутаттарды әдеп сақтауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Нығматулин депутаттарды әдеп сақтауға шақырды

Нұрлан Нығматулин депутаттарды әдеп сақтауға шақырды

Бүгін Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы жанынан Депутаттық әдеп кеңесі құрылғандығынан хабардар етті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Қыркүйек 2016
  • 578
Фото - Caravan.kz


Н. Нығматулин атап өткендей, бұл кеңес депутаттық  әдеп ережелерін бұзған жағдайда, тиісті заңдарды басшылыққа ала отырып, Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, депутаттық этиканы бұзуға жол бермей, керек уақытта жазалау шараларын  қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейтін  болады.

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов басқаратын кеңестің мүшелері:  Сауытбек Абдрахманов, Құралай Қаракен, Евгений Козлов, Екатерина Никитинская, Шавхат Өтемісов,  Тұрғын Сыздықов.