Нұрлан Оразбаев ҚР хоккей құрамасының бас менеджері қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Оразбаев ҚР хоккей құрамасының бас менеджері қызметінен босатылды

Нұрлан Оразбаев ҚР хоккей құрамасының бас менеджері қызметінен босатылды

Бүгін Астанада ҚР Хоккей федерациясының президенті Асқар Маминнің төрағалығымен атқарушы комитеттің отырысы өтті.

  • 5 Маусым 2012
  • 536
Фото - Caravan.kz

Атқарушы комитеттің мүшелері Қазақстанның ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының, жасөспірімдер (18 жасқа дейін), жастар (20 жасқа дейін) және қыздар (18 жасқа дейін) командаларының бас жаттықтырушылары дайындаған есептерін тыңдады.

Комитет мүшелері Андрей Шаяновты шайбалы хоккейден ұлттық ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен босату туралы шешім шығарды. Басты себеп — Қазақстан құрамасының Хельсинкиде 4-20 мамыр аралығында өткен Әлем чемпионатының топ-дивизионындағы қанағаттанарлықсыз ойыны. Комитет отырысында ҚР хоккей құрамасының бас менеджері Нұрлан Оразбаев өзінің сұрауы бойынша қызметінен босатылды.

Ұлттық құраманың бас бапкері мен бас менеджері және өзге де командалардың жаттықтырушылары ҚХФ-нің келесі отырысында тағайындалады. Бұл туралы Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы хабарлады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера