Нұрлан Қоянбаев 1999 жылы "Жас Алаш" газетінің "Студент" қосымшасына солай деп сұхбат беріпті. Бұл сөзімізге дәлел ретінде сұхбаттан шағын ғана үзінді келтірсек, жетіп жатыр.
– Тарих факультетін тәмамдаған соң бойыңдағы қабілетіңді әрі қарай дамыту үшін театр институтына баратын шығарсың?
– Жоқ, өкінішке қарай, олай болмай тұр: ендігі кезекте заң-құқық білімімен «қарулансам ба» деймін. Өйткені менің түпкілікті мақсатым президент болу ғой. Қазіргі ісімнің бәрі сол үлкен мақсат жолындағы әрекет болып табылады. Осы күндегі басты арманым – қазақ жастарын ортақ мүддеге топтастыру, олардың өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін ояту. Мен өте-мөте ұлтжанды жігітпін. Маған бір мұжықтың кемпірі «сен ұлтшылсың» деген-ді. Ұлтым үшін қажет болса, мен мұндай айыптаулы атақтан да бас тартпас едім.
– Үлкен саясатқа қашан араласасың?
– 15 жылдан кейін. Сол кезде мен 35 жаста боламын.