Нұрлан Қоянбаев:Үйімді және көлігімді ломбардқа өткізіп, кино түсірдім - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Қоянбаев:Үйімді және көлігімді ломбардқа өткізіп, кино түсірдім

Нұрлан Қоянбаев:Үйімді және көлігімді ломбардқа өткізіп, кино түсірдім

Атақты продюсер Нұрлан Қоянбаев ең алғашқы фильмін түсірерде қыруар қаражат кететінін біліп, қолдаушы азаматтар да тапқан. Дегенмен кино түсіру басталып жартысына келгенде қолдау білдіремін деген жандар ізім-ғайым жоқ болған. 

  • 5 Қаңтар 2020
  • 109
Фото - Caravan.kz

Қысқасы ақшасыз қалған продюсер қатты сасады. Алдын ала есеп бойынша жұмысты аяқтау үшін 260.000 доллар кетеді деп болжанады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады 

Ақыры Қоянбаев амалсыз тәуекелеге бел буады.  

«Астанадағы үйімді және көлігімді ломбардқа өткіздім, бірақ ол керек қаржының жартысы ғана еді, дегенменде шүкір, өйтіп-бүйтіп киномызды алып шықтық»- дейді Қоянбаев мырза.

Дәл осы алғашқы фильмі 299 миллион касса жинаған. Одан кейінгі фильмі «Бизнес по-казахски в Америке» 581 миллион теңге табыс әкелсе, «Бизнес по-казахски в Африке»
778 миллион
теңге жинақтады. Отандық фильмдер арасында мұндай көрсеткіш Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Яғни рекорд орнатты.

Нұрлан Қоянбаев өзі түсіретін фильмдерге өкіметтен қаржы алмайтындығын, бәрін өз қалтасынан шығаратындығын жеткізді. Сонымен қатар киноға қолдап келген әрбір көрерменге өз алғысын жаудырды. Сондай-ақ ол келесі фильмнің түсірілімі Түркия мемлекетінде болуы мүмкін деген болжам айтты.Нақты ақпаратты ақпан айында хабарламақшы. 

Соңғы жаңалықтар