Қысқасы ақшасыз қалған продюсер қатты сасады. Алдын ала есеп бойынша жұмысты аяқтау үшін 260.000 доллар кетеді деп болжанады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады
Ақыры Қоянбаев амалсыз тәуекелеге бел буады.
«Астанадағы үйімді және көлігімді ломбардқа өткіздім, бірақ ол керек қаржының жартысы ғана еді, дегенменде шүкір, өйтіп-бүйтіп киномызды алып шықтық»- дейді Қоянбаев мырза.
Дәл осы алғашқы фильмі 299 миллион касса жинаған. Одан кейінгі фильмі «Бизнес по-казахски в Америке» 581 миллион теңге табыс әкелсе, «Бизнес по-казахски в Африке» 778 миллион теңге жинақтады. Отандық фильмдер арасында мұндай көрсеткіш Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Яғни рекорд орнатты.
Нұрлан Қоянбаев өзі түсіретін фильмдерге өкіметтен қаржы алмайтындығын, бәрін өз қалтасынан шығаратындығын жеткізді. Сонымен қатар киноға қолдап келген әрбір көрерменге өз алғысын жаудырды. Сондай-ақ ол келесі фильмнің түсірілімі Түркия мемлекетінде болуы мүмкін деген болжам айтты.Нақты ақпаратты ақпан айында хабарламақшы.