«Біздің негізгі міндетіміз — әрбір адамның потенциалын ашып, осыған сәйкес білім мен мамандық беру. Елбасының тапсырмасы бойынша мемлекетімізде көптеген бағдарламалар қабылданды. Солардың ең негізгі мақсаты — экономикамызды дамытып, халықтың әлуқатымен тұрмысын жақсарту. Осы бағытта жұмыс орындарын ашуымыз керек. Қазір дағдарысқа байланысты қабылданған «Нұрлы жол» бағдарламасы бұл мәселелерді шешуге, жастарға арналған», — деп тоқталды Б. Сапарбаев.
Бұл тұрғыда вице-премьер индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында алдағы уақытта өндірістерде білікті жастар үшін көптеген жұмыс орындары ашылатындығын атап өтті.
«Өзге елдердегі секілді бізде проблемалар болмас үшін, ең бастысы — жұмыс орындарын қамтамасыз етіп, жалақыны уақытылы төлеу маңызды. Президент тапсырмасы бойынша әзірленген «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін 3 жыл мерзімде Ұлттық қордан 10 млрд. доллар бөлінеді. Біздің болжам бойынша осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Атап айтқанда, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр»,-деді Б. Сапарбаев.
Вице-премьер кәсіби-техникалық білімнің негізгі мақсаты жас маманның потенциалын ашып, болашақта бұл мамандық жақсы табыс жол бастауы керектігін қадап айтты.