Нұр-Сұлтан әкімдігі заңсыз жарнама баннерлерін алып тастап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан әкімдігі заңсыз жарнама баннерлерін алып тастап жатыр

Нұр-Сұлтан әкімдігі заңсыз жарнама баннерлерін алып тастап жатыр

 

  • 20 Мамыр 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтан қаласында "Тіл тазалығы — баршаға ортақ іс" атты жалпықалалық акция өтіп жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz

Бүгін қалалық әкімдікте өткен отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов жыл басынан қалада 800-ге жуық заңсыз жарнама нысанының алынғанын айтты.

"Қазір әр аудан бойынша жұмыс тобын құрдық. Арнайы график бекітіп, әр күні әр ауданда заңсыз жарнамаларды алуды бастадық. Жалпы қалада "Тіл тазалығы — баршаға ортақ іс" акциясы жүріп жатыр. Шара аясында 250-ден аса нысанда заңдық консультация берілді. Жақында ғана Тәуелсіздік даңғылы бойында 200 метрден асатын билбордты алдырып тастадық. Жыл басынан жұмыс топтары "Алматы" ауданында 137, "Байқоныр" ауданында 400-ден аса, "Есіл" ауданында 15, "Сарыарқа" ауданында 247 заңсыз жарнама алынып тасталды. Жұмыстар жалғасып жатыр".

Осы ретте елорда әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдіктеріне және тиісті құрылымдарға жоғарыда аталған жұмысты күшейтуді тапсырды.