Нұр-Сұлтан әуежайында 14 рейс кешігіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан әуежайында 14 рейс кешігіп жатыр

Нұр-Сұлтан әуежайында 14 рейс кешігіп жатыр

 

  • 17 Қаңтар 2020
  • 33
Фото - Caravan.kz

Ауа райының нашарлауына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келіп-кететін ұшақ рейстері кешігіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазіргі уақытта басқа қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты тоғыз рейс уақытша тоқтап тұр. Бұл Fly Arystan әуекомпаниясының екі рейсі (Павлодар, Мәскеу) және "Эйр Астана" әуекомпаниясының жеті рейсі (Алматы – екі рейс, Қызылорда, Шымкент – екі рейс, Ақтөбе, Орал).

"Әуежайдан бес рейс кешігіп шығады: "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматыға төрт рейсі және "Аэрофлот" әуекомпаниясының Мәскеуге бағыты бойынша бір рейсі. Желдің екпіні қатты болғандықтан (секундына 15 метрден және одан жоғары) ұшу қауіпсіздігі мақсатында әуе кемелерін мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді", — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінің PR-менеджері Жеңіс Ахметжанов.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейтіні хабарланды. 


 

Соңғы жаңалықтар