Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде ер адамдар төбелесіп, арты пышақтасумен аяқталды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде ер адамдар төбелесіп, арты пышақтасумен аяқталды (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде ер адамдар төбелесіп, арты пышақтасумен аяқталды (ВИДЕО)

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • 26 Қаңтар 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтанда ер адамдардың арасында жанжал болды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жедел полиция қызметкерлері 23 қаңтарда сағат 18.40-та 5 адамды ұстады. Тұрғын үйдің ауласында қоғамдық тәртіпті бұзғандардың біреуі төбелес болған мекен-жайда тұратыны анықталды.

Қақтығыстың арты ұлғайып, ұсталғандардың бірі пышақпен қарсыласына шабуылдаған. Кейін олар 2 көлікпен оқиға орнынан із суытқан.

Полиция бірнеше сағат бойы жасырынған адамдарды анықтап, қамауға алды. Пышақ салған күдікті Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.