Нұр-Сұлтан маңындағы «Ильинка» халқы қар суының ортасында қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан маңындағы «Ильинка» халқы қар суының ортасында қалған

Нұр-Сұлтан маңындағы «Ильинка» халқы қар суының ортасында қалған

Халық арасында "Ильинка" аталып кеткен ауыл жұрты еріген қар суының ортасында қалған.

  • 29 Наурыз 2019
  • 99
Фото - Caravan.kz


Бірнеше күннен бері тұрғындар үйлерінен шыға алмай отыр. Ал, күні кеше бір кісі ағын суға батып кете жаздаған. Көктем шықса болды қараөткелдіктер жол азабын тартады екен. Шағымын айтып талай табалдырықты тоздырған олар, жергілікті әкімнен қайран болмады деп отыр. Тізеден су кешіп жүрген жұрт жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Біз қазір Қараөткел ауылы 9-шағын ауданында тұрмыз. Мұнда күн райы бірден жылып кеткеніне байланысты, қар жылдам еріген. Сол үшін айналаны ағын су басқан. Қазір менің резеңке етігімнің ұзындығына байланысты біз ағын судың біршама жеріне барып қалдық. Анандай жерде біздің арнаға сұқбат беру үшін судың ортасында қалған тұрғын күтіп отыр екен. Біз соған қарай беттеп көрелік". 

Ауыл тұрғынының жанына баруға тырысқанымызбен, судың тереңдігі мүмкіндік бермеді. Мұңын айтқан әйелмен алыстан, сөйлесуге тура келді. 

"Ал, енді сіз шағымыңызды айтып қай жерге бардыңыз?
"Бүгін МЧС-ке жаңа звандадым Малиновкаға, бүгін таңертеңгі 9-дан 12-ге дейін акиматқа звандадым. Келіңіздер, көріңіздер мына дамбаны бұзыңыздар, дедім. Мына 19, 9, 4 учаскелер бүкілі бізге қарай ағызып жатыр суларын. Неге жұмыс істемейді? Телефондарын өшіріп тастап жатыр әбет кезінде акимат".   

Ағын судың тереңдігі кейбір жерлерде 3-4 метрге дейін жетеді. Өйткені, бұл учаске ойлы жерде орналасқан. Сондықтан жұрт амалдап, ақыға жолдың астына төсейміз деп қап-қап қоқыс та түсірткен. Бірақ, күннен күнге көтеріліп келе жатқан су деңгейіне бұл еш әсер етпейтін секілді.  

ЖАНСЕРІК БАЙБЕК, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Кеше мысалы әбеттен кейін, әкем келді құлады. Мен жұмыстамын, сөйтіп қайтадан келдім жұмыстан сұранып. Күніге осы міне қазір әкем үйде ауырып жатыр. Құдай біледі қазір қалай шығарамын қатты ауырып қалса. Қайық сатып алмасам басқа вариант жоқ енді мынаған. Қайық сатып алу керек барып 50 мың тұрады ма білмеймін, өзімнің айлығым 70-80 мың ақ береді".    

Мәселемен жақсы таныс ауыл округінің әкімі қиындық жуық арада шешіледі деп уәде беріп отыр. Ал, дер кезінде су сорғызып үлгермегенін техниканың жетіспеушілігімен түсіндірді. Өйткені, Қараөткел ауылында ассинизатор көліктердің көпшілігі жекенің қолында, оны жалдау тым қымбат, — дейді.   

МҰРАТ ОРАЗАЛИН, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
"Дамбаны бұзып, жырып жиналған суды бәрін ағызып жұмыс істеп, отбасыны құтқарып алу керек болып тұр. Соны енді, бүгін кешке жақын или ертең таңертең трактор тауып алып судың барлығын ағызып, егінге жіберу керек. Соны істейміз".      

Ауыл халқы жәрдем сұрап барлық құзырлы органдарға хабарласқан. Алайда, қимылдаған тірі жан жоқ деп ашынады. Оған жуырда жұрт игілігі үшін жұмысын бастаған "I-көмектің" де көмегі болмай тұр екен. 

ГҮЛЖАН САРТАЕВА, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Сосын мен кешкісін 109-ға звандадым. Бүгін келмесеңіздер біз журналистерді шақырамыз біз жоғары қаланың әкіміне жазамыз деп. Сосын сағат 11-де келді 3 машина келді да шланганы тастап қойды да фотоға түсіріп, түсіріп алды да кетті. Ешқандай, чтобы жұмыс істелді деген. На самом деле снимает байлар тұратын, коттедж бар жерлерді снимает, сорады. Ал, біз сонда адам емеспіз ба? Біз налог төлейміз, пропискамыз бар.     

Күн жылыса болды жандарын шүберекке түйіп жүретін ауыл жұрты жергілікті әкімнің ант-су ішкеніне қарық болып қайтты. Ал, ағын су қашан сорылып бітеді ол жағы белгісіз. Оған дейін тұрғындар резеңке етіктерін қолтықтап жүре тұруға мәжбүр. 

Соңғы жаңалықтар