Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға келді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға келді. Бұл туралы ҚазТАГ-қа елордадағы дереккөз телефон арқылы хабарлады. |
«Назарбаев Астанаға келді және бүгін жартыжылдық қорытындысы бойынша кеңес өткізеді», - деді сұхбатшымыз.
Бұрын хабарланғандай, «президент шетелдік бір емханадан профилактикалық тексерістен өтіп, жақын күндері елге оралады».
Сұхбатшымыз «бұл әдеттегі тәжірибе» екенін атап көрсетті. «Н. Назарбаев жылда екі рет тексеріліп тұрады. Бір рет елімізде және екінші рет шетелде», - деп түсіндірді ол. Президент баспасөз қызметі 11 шілдеде «елбасы қысқа мерзімдік демалыста болады» деп хабарлағанды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін