Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп жазады Skifnews.kzақпарат порталы.
«Дөңгелек үстел барысында қазақстандық авиациялық билік орындары ТМД елдерінде алғаш рет енгізілген «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құру арқылы саланы реттеудің жаңа тәсілін таныстырды, оған ИАТА өкілдері мен авиациялық сарапшылар оң баға беріп, Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында бірінші болып осындай тәсілді іске асыратынын атап өтті», — делінген ИИДМ хабарламасында.
Дөңгелек үстел аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуі өтті, онда 2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды ауысатыны расталды. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілуде.