Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді,

  • 15 Маусым 2011
  • 310
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметінен.

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселесі, Ауғанстандағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ оны бейбіт реттеу перспективасы талқыланды.

— Соңғы 5 жылда мен сіздердің елдеріңізге бесінші рет келіп тұрмын. Әрбір келген сайын сіздердің көшбасшыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, Қазақстан қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткіземін. Сіздердің халқыңыз бен Президентті тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаймын! — деді Хамид Карзай журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Соңғы жаңалықтар