"Әрине, әлемдік тәжірибе барлық адамның мүмкіндік жағынан бірдей болмайтынын көрсетіп отыр. Барлығында бірдей университетте білім алу мүмкіндігі бола бермейді. Адамдар әр түрлі, сондықтан мәселелер әр түрлі шешіледі. Ата-аналардың: "Сен міндеттірді білім алып, мынадай болуың керек" және "Президент боласың!" дейді. Мен қарсы емеспін, президент болсын, бірақ баланың басына осыны құйып тастағаннан кейін бұлай болмай жатса, бала рухани сынып қалады. Бақытты болу үшін, президент болу міндет емес, керісінше болуы да мүмкін", — дейді Назарбаев Астанадғы Республикалық жастар форумында.
"Мен қалжың айтайын, бір кездері менің досым Борис Николаевичке (Елцин) былай деген еді: "Немереңіз президент болғысы келеді. Ал оның жауабы: "Ресейге екі президенттің керегі не?" Менің айтқым келгені, жастарға шынайы қол жеткізуге болатын дүниелерді сіңіру керек, бастысы — адам болу, білім алып, жақсы мамандыққа ие болып, жақсы білімді ешкім де сенен тартып ала алмайды. Ақшаны, үйді, тағы басқасын тартып алуы мүмкін. Бірақ бастағы білімді, адамшылықты ешкім тартып ала алмайды. Мен осыған шақырамын. Сол кезде өмірден оныңды табасың, өмірде жолың болады", — деп айта кетті Қазақстан Президенті.