Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталған қандай көшелерді білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталған қандай көшелерді білеміз?

Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталған қандай көшелерді білеміз?

Алмтыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілді.

  • 30 Қараша 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

Tengrinews.kz редакциясы әлемдегі және Қазақсандағы тағы қай көшелерге ҚР Президентінің есімі берілгенін еске алды.

Қазан қаласында да көшелердің біріне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. 1927-1949 жылдары және 1988-2015 жылдары ол көше Эсперанто деп аталған. Ал 1949-1988 жылдары Жданов деп аталған. Қазандағы Назарбаев көшесі. (Татарстан)

Түркияның Гебзе, Кыршехир, Невшехир, Адана қалаларында төрт даңғылға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген.

Шешенстан астанасында Грозныйда да Нұрсұлтан Назарбаев есімі бар.

Иордания астаны Амманда да бір көшеге Назарбаевтың есімі берілген.

Иорданиядағы Назарбаев көшесі

Ингушетия астанасы Магаста да бір көше Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталады.

Алматыдан бөлек Қазақстан Президентінің есімі Түркістандағы (ОҚО) көшелердің біріне берілген.

Еске салайық, бүгін, 30 қарашада Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгерді.

Соңғы жаңалықтар