Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарына сүйенсек, Теміртауда өнеркәсіп газдарын өндіретін «Линде Газ» кешені, Маңғыстауда «ҚазАзот» компаниясының аммика, азот қышқылы мен аммика селитрасын шығаратын өндіріс желісі, Ақмола облысында Қазатомөндіріс және Sumitomo Atom компанияларының бірлескен жобасы — сирек пайдалы қазбалар қоспасын өндіретін өндіріс ошағы, Шығыс Қазақстанда «ШығысМашЗауыт» компаниясының вагон құю өндірісі, Жамбыл облысында маневрлік тепловоз өндірісі, Солтүстік Қазақстан облысында мұнай өнеркәсібіне арналған бұйымдар шығаратын кәсіпорын «онлайн» режимінде іске қосылмақ.
Сонымен қатар, «Қазақцемент» зауыты (ШҚО), «Зенченко және К» компаниясының жел энергетикасы қондырғысы (СҚО), мақта талшығынан ДСП өндіретін кәсіпорын (ОҚО), Жамбыл облысында «Қордай-Шу» жоғары қысымды газ құбыры пайдалануға беріледі.
Министрліктің хабарлауынша, биылғы жылы Индустриаландыру картасы бойынша 162 жаңа өндіріс ошағы іске қосылған.