«Халықаралық құрмет пен мейірімділік күні
1 қазанда дүние жүзінде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
Бұл шешім 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-сессиясында қабылданды.
Бұл күн Қазақстанда да тойланады. Бізге өмір эстафетасын тапсырған жандарды құрметтейміз.
Аға буын тәжірибесі – халықтың шынайы мұрасы. Бұл ұлттық болмысымыздың, руханиятымыздың, салт-дәстүріміздің негізінде жатқан іргетас.
Бұл мерекенің басты мақсаты – қарт адамдарға, олардың қажеттіліктеріне көңіл бөлу. Өйткені, кез келген қоғамның даму деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі – үлкендерге деген қамқорлық.
Бұл күні біз еліміздің өркендеуіне ат салысқан, осы жолда аянбай еңбек еткен, қиын уақытта отанын қорғаған жандарға құрмет көрсетеміз.
Оларға зор денсаулық, жақсы көңіл-күй және жақындарының махаббаты мен құрметіне толы ұзақ өмір тілейміз».