Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардаримен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардаримен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардаримен кездесті

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ мерейтойлық саммиті қарсаңында Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Асиф Әли Зардаримен кездесті,

  • 15 Маусым 2011
  • 371
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында аймақтық қауіпсіздіктің әртүрлі қырлары, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

— Мен Шанхай ынтымақтастық ұйымын ұлы бірлестік деп санаймын. Пәкістан оның құрамына кіруді қалап отыр және ұйымның барлық мүшелерінің қолдауынан үміттінеді. Мен ШЫҰ-ның үлкен перспективасы бар деп сенемін, — деп атап өтті журналистер алдында сөйлеген сөзінде Пәкістан Президенті.

— Бұл менің Пәкістан Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапарым. Мен Қазақстан халқын және ұлы лидері Нұрсұлтан Назарбаевты республика тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! — деді Ә.Зардари.

Соңғы жаңалықтар