Нұрсұлтан Назарбаев Польшаны ЕАЭО-дан қорықпауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Польшаны ЕАЭО-дан қорықпауға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Польшаны ЕАЭО-дан қорықпауға шақырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  польшалық бизнесмендерге Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы жұмыстың артықшылықтарын түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

  • 23 Тамыз 2016
  • 355
Фото - Caravan.kz

«Егер біз сіздермен бірге қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өңдесек, Қытайға, Орталық Азияға, Ресейдің батысы мен солтүстігіне сатуға болады, бұл өте тиімді болар еді. Польшаға Еуразиялық экономикалық одақтың несі ұнамайтынын білмеймін. Бұл іске бастамашылық еткен менмін. Ресей қайта Кеңес одағын жинап жатыр дейді біреулер. Мүмкін  Кеңес одағының құлағанын қаламайтындар бар шығар, алайда оны қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ, себебі бұл мүмкін емес. Сондықтан Еуропада бұл жайлы дұрыс түсінік бар деп ойламаймын», — деп мәлімдеді бизнес-форумда Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл жағдайды түзету үшін күзде «Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті» жақындату конференциясы өтетінін хабарлады.

 «Достар, сіздер мынаны түсінулеріңіз керек. Біріншіден, ЕАЭО — бұл 180 млн халық, 2,5 трлн ІЖӨ, Кеден одағы, ашық және еркін шекаралар. Бұл интеграция, басқа ештеңе емес. Әрине, Еуразиялық одақ жасайық деген саясаткерлер де болды. Мен: «Жоқ тек экономикалық» дедім. Біз тәуелсіздігімізді  Польшадан кем қадір тұтпаймыз», — деп атап өтті Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, егер польшалық компаниялар ЕАЭО-да жұмыс істесе, онда 180 млн халықпен нарық пайда болады. «Саясаттан бір сәтке алыс кетейікші. Егер агроөнеркәсіптік кешен өнім өңдесе, біз қосымша құнды көтереміз, бұл барлығына пайда әкеледі», — деп сөзін түйіндеді ол.


Еске салсақ, 22-23 тамызда Н. Назарбаев  Президент Анджей Дуданың шақыртуымен Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барды.