Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырды

«Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында балаларды жарқын оқиғаларымен, тосын сыйларымен және сыйлықтарымен қуантады. Биыл қор Ақмола облысындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңажылдық ертеңгіліктер ұйымдастырды.

  • 21 Желтоқсан 2023
  • 7296
Фото - Caravan.kz

Мерекелік шаралар Урюпинка ауылындағы «Балабақша – мектеп – интернатта», «Мамандандырылған Щучинск балалар үйінде» және «Көкшетау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» өтті.

200-ге жуық бала ертегі, музыкалық қойылымдар мен белсенді ойындарға қатысты. Бұдан бөлек, балалар сәндік-қолданбалы өнер бойынша ұйымдастырылған шеберлік сабақтарына қатысты. 

Әр ертеңгіліктің соңында балаларға сыйлықтар табысталды. 

Балалар мен олардың ата-аналарына жақсылық және армандарының орындалуын тілейміз!