Нұрсұлтан Назарбаев Қытай КП ОК-нің жаңа бас хатшысын Қазақстанға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Қытай КП ОК-нің жаңа бас хатшысын Қазақстанға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай КП ОК-нің жаңа бас хатшысын Қазақстанға шақырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай коммунистік партиясының Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпинді қызметімен құттықтап жеделхат жолдады.

  • 15 Қараша 2012
  • 682
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан басшысы «Қытай жаңа бас хатшының жетекшілігімен әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа белестерін бағындырып, халықаралық аренадағы беделін одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді».

Н.Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті және қос мемлекет арасындағы байланыстар алдағы уақытта нығайа түсетініне сенетінін жеткізген.
«Қытай Қазақстанның досы, көршісі және маңызды стратегиялық әріптесі. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да күшейіп, біздің халықтарымыздың әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді деп сенемін», — деді Н.Назарбаев.
Елбасы ҚКП ОК жаңа бас хатшысын Қазақстанға шақырды.

Соңғы жаңалықтар