Нұрсұлтан Назарбаев Ресейлік телеарнаға сұхбат берді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейлік телеарнаға сұхбат берді

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейлік телеарнаға сұхбат берді

Елбасы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді. Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елдің индустриялық-инновациялық дамуының мән-маңызы, мемлекеттің экономикадағы рөліне қатысты сауалдарға жауап берді.

  • 25 Қараша 2016
  • 788
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ елдері ынтымақтастығының келешегі, ЕАЭО-ның басқа да мемлекетаралық экономикалық бірлестіктермен және жекелеген елдермен өзара іс-қимылының ықтимал перспективалары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан елордасының ребрендингі, республикада жастардың білім деңгейін арттыру, білім беру үрдісіндегі үштілділіктің маңыздылығы жөніндегі мәселелерге тоқталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы терроризм мен экстремизмді болдырмауға қатысты ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ортақ ұстанымының өзектілігін атап өтті.

Сұхбат соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына шығармашылық табыс, ал көршілес елдер азаматтарына зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.


Айта кетейік, Елбасы бұрынырақ Bloomberg News ақпарат агенттігінің журналистеріне сұхбат беріп, бір сөзінде өз балаларын мұрагер ретінде қарастырмайтынын айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар