Нұрсұлтан Назарбаев соғыс жайлы айтып, генералдарға шеберлік сағатын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев соғыс жайлы айтып, генералдарға шеберлік сағатын өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев соғыс жайлы айтып, генералдарға шеберлік сағатын өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі соғыстың басқаша сипат алғанын айтты. Бүгін Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қорғаныс министрлігіне арнайы барып, генералдарға нағыз шеберлік сағатын өткізді.

  • 29 Желтоқсан 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

Қорғаныс министрі мен қазақ армиясына жауапты шенділерді жинап кеңес өткізген президент кез-келген жағдайға әрдайым дайын болуды жүктеді. Себебі әлемде қарулы қақтығыстардың өршуі, лаңкестіктік топтардан төнген қауіп әркез қырағы болуды талап етіп отыр. Сондықтан Назарбаев елдің қорғаныс қабілетін арттырып, жауынгерлердің әзірлігін ұдайы шыңдап отыруды міндеттеді. Қазақ әскерінің қауқарын мақтаған генералдарға  Жоғарғы Бас Қолбасшысы әлемді жайлаған гибридтті соғыс жайында айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті

-Мына дүниедегі жүріп жатқан соғыстың барлығы бұрынғыдай емес. Басқаша түрде жүріп жатыр. Біздің дайындығымызда соған сай болуы керек. 01-53 04-07 Әр қазақстандық өзінің қауіпсзідігін үйде ойлап жатқан кезде, ойында Қарулы Күштер тұрады. Біздің Қарулы күштеріміз бар, солар бізді қорғайды деп. Барлығы теледидардан көріп отыр ғой, не болып жатқан жағдайды. Сол болмасын деп тілеп отырады. Ал оның ішінде президент айтып отыр біздің қарулы күштеріміз керек уақытысында қорғайды деп.

 

Соңғы жаңалықтар