Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтады. Екі ел көшбасшылары телефон арқылы сөйлесті.  

  • 7 Қазан 2014
  • 584
Фото - Caravan.kz

РФ Президентінің баспасөз қызметі және ақпарат басқармасы хабарлағандай, Ресей  Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен көптеген шетел мемлекеттерінің басшылары құттықтаған.  

Хат арқылы жолданған құттықтаулардан бөлек, бірқатар телефон арқылы құттықтағандар болды. В.Путин  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен,   Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенкомен, Азербайжан Республикасының Президенті И.Г.Алиевпен, Жапонияның Премьер-министрі С.Абэмен, Армения Республикасының Президенті С.А.Саргсянмен және Италия Республикасының министрлер кеңесінің бұрынғы төрағасы С.Берлусконимен сөйлесті.

Әңгіме барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сейсенбі күні, 7 қазанда, В.Путин 62 жасқа толды.