Жарияланды: 270

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның жаңа премьер-министрін Қазақстанға шақырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьері Синдзо Абэні Либерал-демократиялық партияның парламент сайлауында жеңіске жетуімен және оның үкімет басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің сенбі күнгі хабарламасына сүйенсек, елбасы мұны жапон халқының С.Абэ мен ол жетекшілік ететін партияға деген сенімі деп атап өткен. «Екі ел арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынастарды бағалай отырып, алдағы уақытта да Сіз жетекшілік ететін үкімет екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды нығайтуға үлес қосады деген сенім білдіремін», - делінген жеделхатта. Сонымен қатар, Н.Назарбаев С.Абэні қазақ-жапон ынтымақтастығын нығайту түсуге бағытталған іс-шараларды талқылау мақсатында Қазақстанға шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін