Осы тұрғыда Нұрсұлитан Нұрбердиевпен Саravan.kz медиа-порталының тілшісі сұхбаттасып көрді.
— Шығармашылығыңыздағы соңғы жаңалықтарыңызбен бөліссеңіз?
— Шығармашылығымда жаңалық көп, өзімді тыңдармандарыма енді басқа қырымнан көрсетпекпін. Осы жылы менен тек қана жақсы жаңалықтар күтіңіздер. Жүрекфандарға дайындаған тосын сыйым да бар.
— Жеке басыңызға қатысты жақсы жаңалық бар ма?
— Қандай жаңалық керек? (күліп) Қызым жоқ, басым бос. Әзірге, сүр бойдақпын. Варианттар болса, айта жүріңіздер (қалжың).
— Әріптестеріңізбен дуэттеріңіз жетерлік. Өзіңізге ең ұнайтыны қайсысы?
— Дуэтке келетін болсақ, кез-келген дуэтті мен ұнаған соң орындаймын. Өзіме ұнамаған әнді айта алмаймын. Демек, маған барлық жазылған дуэттер ұнайды. Алла қаласа, өнердегі аға-әпкелеріммен тағы да жақсы дуэттер дайындап жатырмыз. Әзірге атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын.
— Түрік еліне қоныс аударады деп есітіп жатырмыз…
— Туған жерге ештеңе жетпейді ғой, әрине. Түрік еліне тек қана Мурат Япрак досыма жұмыс барысымен немесе демалуға бармасам, елді тастап кететін ойым жоқ. Бізге елге қызмет ету керек.
— Өзіңізді модельдік салада сынап көргіңіз келмей ме?
— Негізі ойымда бар. Ұсыныстар түсіп жатса, бас тартпас едім.
— Дана Кентаймен араларыңызда қарым-қатынас бар ма?
— Бар! Достық қарым-қатынас. Одан әріге барған емеспіз. Сахнада жақсы жұппыз. Дуэттеріміз де бар. Өте жақсы достармыз.
Сұхбатыңызға рахмет!