Нұр-Сұлтан қаласы мен 8 облыста дабылды ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтан қаласы мен 8 облыста дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласы мен 8 облыста дабылды ескерту жарияланды

Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы бұзылады

  • 2 Қыркүйек 2020
  • 25
Фото - Caravan.kz

 Қазгидромет Нұр-Сұлтан қаласы мен 8 облыста дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz  порталы sputniknews.kz-кесілтеме жасап. 

Синоптиктердің болжауынша, 4 қыркүйекте Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, 4 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

3 қыркүйекте Қостанай облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте таңертең және күндіз Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 16-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 14-19 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл көтеріледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

3 қыркүйекте
Қарағанды облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады. Қарағанды қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. Жезқазған қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с жетеді.

3 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Көкшетау қадасында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 14-16 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте Қостанай облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар