Оның айтуынша, 16 сәуірде жолға таласып қалған азамат өзі ережені бұзып қана қоймай, қарсы көліктің рөліндегі өлімше етіп сабап тастаған.
Бұл туралы Айгүл Орынбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Астанада болған оқиғаны ешкім мән беріп талқылап жатқан жоқ! Егер осы оқиға Шымкентте болған да, баяғыда полицияның да, Шымкенттіктердің де түбіне жетіп жамандайтын едіңіздер ия?
16 сәуір күні болған оқиға, мүгедек баласы бар ана,өз автоколігімен келе жатып, тұрғын үй ауласында бейтаныс азамат пен жолға таласып қалады! Жол ережесін бейтаныс азамат бұзып тұрады. Интернетте видеолары да жүр! Алайда жігіт күш көрсетіп әйелді ұрып, теуіп кетеді! Астана қаласының полиция тергеушісі осы уақытқа дейін, ұрған жігіттің кім екенін анықтамаған жәбірленушінің айтуы бойынша! Машина нөмірі, тіпті түрі видеода анық көрініп тұрсада, жігіт осы уақытқа дейін анықталып, ұсталмаған!
Екі аптадан бері ұсталмайтын ол қандай дөкей?
Нұрділдә Ораз Астана қаласының полиция қызметкерлері ұрған азаматты неге анықтай алмай жатыр", — деп жазды Айгүл Орынбек.