Нұр-Сұлтанда бір күн бойы қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда бір күн бойы қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады

Нұр-Сұлтанда бір күн бойы қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады

Астаналық әкімдік сайлау күні қоғамдық көлікпен жүретін қала тұрғындары ақы төлемейтінін хабарлады.

  • 28 Мамыр 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

9 маусым күні елордада қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

"Елдің жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді" акциясы аясында қалалық және экспресс бағыттағы автобустың бәрімен тегін жүруге болады. Алайда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік үшін мұндай жеңілдік қарастырылмаған", — деп жазылған хабарламада.

Жексенбі, 9 маусым күні қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейді.

Сайлау — 2019 

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар:

  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;

  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Соңғы жаңалықтар